Шартарап

Беті бері қарамайтын 4 науқасқа «елес тудыратын» саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат етілді

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Канаданың денсаулық сақтау министр Пэтти Хайду қатерлі ісіктің ем қонбайтын түрінен зардап шегетін төрт науқасқа псилоцибиндік (галлюциногендік) саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат етті.

 

Бұл дәрі-дәрмек пен дәрілік заттарды бақылауға қатысты заңнан тысқары рұқсат етілген айрықша жағдай.

 

Психоделилік саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат ету галлюциналық саңырауқұлақтың белсенді ингредиентімен емдеуді білдіреді. Аталмыш затты қолдануға Канада заңнамасымен тыйым салынған. Тек зерттеу жұмыстарында пайдалануған рұқсат етілген.

 

Психоделилік емдеуді құптайтын TheraPsil коммерциялық емес ұйым келтірген дерек пен мамандардың уәжіне қарағанда, псилоцибті обырға шалдыққан науқас тұтынса, жанына батқан дерттен, мазасыздық пен уайымнан, күйзелістен ұзақ уақытқа арылады.

 

Галлюциналық саңырауқұлақтың құрамында адамның психикасына әсер ететін зат бар, ол санаға әсер етіп, адамның көңіл күйіне ықпал етеді.

 

Ықылым заманда оны діни, магиялық (сиқыр) жоралғыларды өткізуге пайдаланған. Осыдан 9000-3000 жыл бұрын Африкада, Мысырда, Үндістанда адамдардың оны жоғарыда аталған себептер бойынша қолданғанын археологиялық қазбалар дәлелдеп беріп отыр.

 

Десе де оның салдары қауіпті. Тек адамның психикасына ғана емес, сонымен қатар, денсаулығына да қатерлі. Тіпті, бір рет тұтынудың өзі адамның өмірін өзгертіп жібере алады.

 

islam.kz

 




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

жұма, 07.08.2020, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30