Бетін жаппай түшкірген ер адамды тұрғындар соққыға жықты
Үндістанның Махараштра штатындағы Колхапур қаласында бетін жаппастан түшкірген мотоцикл жүргізушісі соққыға жығылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Екі мотоциклшінің арасындағы жанжал көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Оқиға ер адам екінші бір мотоциклшінің жанынан өтіп бара жатқан сәттен бастау алған. Біріншісі тоқтап, түшкірген жігіттен коронавирус таралып жатқан кезде бетін неге жаппағанын сұраған.
Сөйлесудің арты екі ер адамның қақытығысына ұласқан. Соның салдарынан көлік кептелісі басталыпты.