Шартарап

Бейжіңде кесірлі вирус жұққандар саны 200-ге жуықтады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қытайда короновирус қайта өршіді. Бұл жолы ел астанасы Бейжіңде соңғы тәуліктің өзінде Ковид-19 ды жұқтырған 25 жаңа дерек тіркелді. Оның 18-і «Синьфади» базары орналасқан Фэнтай әкімішілік ауданынан анықталған.

 

Осылайша 8 күн ішінде Бейжіңде қауіпті кеселге шалдыққандар саны 183-ке жетті. Миллионнан астам жергілікті тұрғын Ковид-19 ға тест тапсырып үлгірді. Шаһардағы қазіргі ахуал қандай? Бейжің қарантинге жабылуы мүмкін бе?

 

Қытайда Ковид-19 қайта дендеді. Ел астанасы Бейжіңде коронавирустың жаңа 8 ошағы анықталған. Дертті жаппай жұқтыру деректері «Синьфади» базарынан шығып отыр.

 

Яғни дәл осы жерден басқа да базар сатушылары, мейрамханалар және жергілікті тұрғындар азық-түлік алған. Індет ошағы ішінде бір мейрамхана бар. Бұл мекеменің қызметкері «Синьфади» базарынан сауда жиі жасайды екен. Вирусты осылайша жеті әріптесіне жұқтырыпты.

 

Бұл ауданның тұрғындары эпидемиологиялық қаупі жоғары және орта санаттарға жатқызылыды. 50 шақты шағын ауданның тұрғындарына Бейжіңнен шығуға тыйым салынды.

 

Басқа өңірдің азаматтары да аса қажеттілік болмаса, қаладан кете алмайды. Шыққан күннің өзінде алдымен Ковид-19 ға тест тапсырулары тиіс.

 

Ресми деректер бойынша, Бейжіңдегі екі әуежайда рейстердің басым бөлігі тоқтатылған. Сондай-ақ қаладан көлік немесе автобуспен де шығуға болмайды. Тұрғындар ұшақ пен пойыз билеттерін айыппұлсыз қайта өткізе алады.

 

Пань Сюйхун, Бейжің қаласы қоғамдық қауіпсіздік департаментінің ресми өкілі:

 

- Тұрғындардың үш санатына қаладан шығуға тыйым салынды. Ол науқастар және індет жұқтырғандармен тікелей байланыста болғандар, симптомсыз науқастар және дене қызуы жоғары тұрғындар; «Синьфади» базарында болғандардың барлығы немесе сол базар қызметкерлерінің жақындары; сондай-ақ эпидемиологиялық қаупі орта және жоғары аудандардың тұрғындары. Жалпы тұрғындарға аса қажеттілік болмаса қаладан шықпауға кеңес берілді.

 

Бұл қала толғымен карантинге жабылды дегенді білдірмейді. Әзірге жеке тұрғын аудандар ғана оқшауланып жатыр.

 

Десе де, індет Хэбэй, Ляонин және Сычуань аудандарынан да анықталған. Мұнда негізінен «Синьфади» базарына зат тасымалдағандар коронавирусты жұқтырыпты.

 

Қытайдың өзге қалалары болса Бейжің тұрғындарына талап қоя бастады. Мәселен, Шанхай қауіптілік жоғары ауданнан келген адамдарға 14 күн карантинде болып, екі мәрте тест тапсыруды міндеттеді.

 

Жалпы мамандар Бежіңдегі жағдайдың бақылауда екенін айтады.

 

У Цзунью, науқастарды бақылау және профилактика орталығының эпидемиологы:

 

- Бейжіңдегі коронавирус ошағы мамандар бақылауында екенін сеніммен айта аламын. Бұған зерттеулеріміз дәлел. Сәрсенбі күні анықталған 21 науқастың алғашқы ауру белгілері бірнеше күн бұрын басталғанын анықтадық. Жалпы індетті жұқтыру мен белгілері пайда болу арасында біраз уақыт өту керек. Зерттеу бойынша бұл науқастың барлығы 12 маусымға дейін вирусты жұқтырып алған.

 

Мамандардың пікіріне қарамастан сарапшылар алдағы күндері коронавирусты жұқтырғандар саны артады деп отыр. Сондай-ақ Бейжіңнің уақытылы қабылдаған шаралары індеттің тарап кетуіне жол бермейді дейді сарапшылар.

 

24.kz

 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

жұма, 19.06.2020, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31