Шартарап

Бейруттегі жарылыс: Қаза тапқандардың саны 100-ден асты

  • Фото: Getty Images / Stringer

    Фото: Getty Images / Stringer

Ливан астанасы Бейрутте болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны жүз адамнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

"Қазіргі уақытта 4000-нан астам адам жарақат алып, 100-ден астамы қайтыс болды. Біздің топтар әлі де іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады Франс-Пресс агенттігіне сілтеме жасаған Ливанның Қызыл Кресті.

 

 

Кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан көптеген адам қаза тапты. Елдің премьер-министрі жарылысқа не себеп болғанын айтып берген еді. Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100- ден астам адамның өмірін жалмаған Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

 

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болған.

 

Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылған. Соның салдарынан Ливандағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды. Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растап отыр.

 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 14:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30