Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бейруттегі жарылыстан қаза болғандар саны артты

07 тамыз 2020, 18:06

Ливан астанасы Бейруттегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 154 адамға жетті. Бұл туралы Sky News Arabia хабарлады. Бұған дейін 149 адам қайтыс болып, 5 мыңнан астам адамның жараланғаны хабарланған болатын.

Еске салсақ, Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болған. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлердің, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы. Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз. Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

24.kz