Шартарап

Бейтаныс адаммен кеткен: Жоғалған қыздардың денесі қараусыз қалған үйден табылды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Ресейдің Кемерово облысындағы Киселевск қаласында он жастағы екі қыз 6 қыркүйекте жоғалып кетті. Бір күннен кейін олардың денесі қараусыз қалған үйден табылды.

 

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, оқушы қыздарды өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды. 

 

"Ол бұрын сотталған Мыски қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адаммен тергеуші жұмыс істеп жатыр", - делінген тергеу комитетінің хабарламасында. 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті 2009 жылы педофилия үшін 10 жылға сотталған.

 

Қыздар бейтаныс адаммен кетті ме?

 

Қыздар 6 қыркүйекте жоғалған, олар таңертең мектепке кетіпті, бірақ мектепке бармаған. Кейінірек Желіде жергілікті дүкендердің бірінде жоғалған оқушыларға ұқсайтын қыздар түсірілген видео жарияланды. Олардың қасында ер адам болған.

 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам оларға тәттілер сатып алған, содан кейін үшеуі дүкеннен шығып кеткен.

 

Келесі күні қараусыз қалған үйден қыздардың мәйіті табылды. 

 

Күдікті туралы не белгілі

 

Күдікті 2009 жылы кәмелетке толмаған балаға жыныстық зорлық көрсеткені үшін 10 жылға сотталған, екі рет әкімшілік қадағалау шарттарын бұзған, полиция ескертумен шектелген, деп хабарлады РИА Новости.

 

Кузбасс үкіметі қаза болған оқушы қыздардың отбасыларына көмектесуге уәде берді.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1829    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 20:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31