Шартарап

Билл Гейтс болашақта тағы бір пандемияға дайын болуға шақырды

  • Билл Гейтс болашақта тағы бір пандемияға дайын болуға шақырды

    Билл Гейтс болашақта тағы бір пандемияға дайын болуға шақырды

Гейтс адамзат СOVID-19 пандемиясынан алған тәжірибесіне байланысты болашақта әлдеқайда ақылды болуы керек деп санайды.

Майкрософт негізін қалаушысы және бұрынғы басшысы Билл Гейтс әлем болашақ пандемияға дайын болу керек деп ескертті, деп хабарлайды LADbible.

Гейтс адамзат СOVID-19 пандемиясынан алған тәжірибесіне байланысты болашақта әлдеқайда ақылды болуы керек деп санайды.

"Бізде қазір қауіпсіздік сезімі бар. Ол - жалған. Бұл мәселе алдағы он жылда болады деп ойламаймыз, сондықтан оған ақша салудың қажеті жоқ деп есептейміз", - деді миллиардер. 

Ол COVID-19 пандемиясы инвестициялардың маңыздылығын көрсеткенін айтты. Сондай-ақ, мұндай оқиғаларға дайындықтың маңыздылығын ескеріп, індет өте күрделі проблемаға айналуы мүмкін екенін айтты.

"Егер алдағы бірнеше онжылдықта бір нәрсе 10 миллионнан аса адамды өлтіретін болса, ол соғыс емес, жұқпалы вирус болуы мүмкін. Зымырандар емес, микробтар", - деді Гейтс.

Оның айтуынша, биологиялық қауіп-қатерге келгенде, жеделдету керек. Келесі пандемия 20 жылдан кейін пайда болса, адамзатқа ол үлкен мүмкіндік, дейді Гейтс.

Бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясына қатысты жаңа болжам жасап, пандемияны тоқтатудың жолын жариялаған еді. Алайда ол коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты.




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30