Шартарап

Билл Гейтс тағы бір пандемияның басталатынын болжады

  • Билл Гейтс тағы бір пандемияның басталатынын болжады

    Билл Гейтс тағы бір пандемияның басталатынын болжады

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс 20 жылдан кейін әлем бағындыруы мүмкін жаңа пандемияның пайда болуын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Миллиардер бұл болжамын подкастта айтты.

 
Әңгіме барысында Билл Гейтс "жаңа пандемия сөзсіз адамзат баласын қамти ма?" деген сауалға жауап берді.

"Иә. Ал егер бұл жиырма жылдан кейін болса, сәттілік біздің жақта", - деді ол.

Дегенмен Гейтс эпидемиологиялық қауіптің ертерек - үш жылдан кейін болуы ықтимал екенін де атап өтті.

Microsoft негізін қалаушының сөзіне қарағанда, келесі жолы адамзат пандемияға "дайын" болады. Оның айтуынша, бұл уақытқа дейін дайын алгоритмдер пайда болады, оған сәйкес карантин енгізіліп, ықтимал инфекция тасымалдаушыларын тексеретін жүйелер жетілдіріледі.

"Екінші рет біз соншалықты ақымақ болмаймыз", &mdash деп түйіндеді ол.

Гейтстің сөзінше, егер адамзат сабақ алса, келесі пандемиядан аз зардап шегеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) адамзат жаңа пандемияға дайын болуы керек деп ескертті, бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайын инфрақұрылымы бар елдер вирустың таралуын болдырмау үшін тез арада шаралар қолдана алатынын атап өтті.




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31