Шартарап

Болашақта жәндік адамзаттың негізгі қорегіне айналады

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Қоршаған ортаның ластануы, жаһандық жылыну, ресурстардың шектеулігі және адамзат қарасының жылдан жылға көбеюі таяу болашақта азық-түлік тапшылығын арттырады, осындай факторларға байланысты жәндіктер адамның негізгі қорегіне айналады, дәлірегі, жәндік – негізгі ақуыз көзі болады.

 

Сарапшылар мен тағам неркәсібінің өкілдері осындай сценаридің орын алатынын алға тартып отыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат кзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Демографтардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай адамзат қарасы 9,8 млрд адамға жетеді. Яғни, қазіргі деңгейіне қарағанда екі млрд адамға артады.

 

Әдеттегі ауыл шаруашылығы осынша адамды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайды.

 

Ұлыбританиядағы тағам стандарттары жөніндегі агенттіктің бас ғылыми кеңесшісі, профессор Робин Мэй бұл тарапта жәндіктердің көмекке келетінін алға тартып отыр. Дәлірегі, жәндіктен ақуыз өндіру құны арзанға түседі, екіншіден, майы аз, ең бастысы – қоршаған ортаға тигізер зияны, мәселен, ет өндірісіне қарағанда өте төмен: ет өндірісі – 99 пайыз, ал жәндіктен азық алу өндірісі – 1 пайыз.

 

Бұдан бөлек, жәндіктер үшін жер жыртып жатпайсыз, суды да молынан үнемдейсіз.

 

Бұл бағытта әлемнің кейбір елдерінде жәндіктерден азық алу өндірісі қолға алынып жатқанын да айта кетпекпіз, мәселен, Hargol FoodTech израилдік компания шергірткеден хош иістендірілген конфет шығара бастады.

 

Еуропалық одақ шегіртке мен құрттың кейбір түрлерін азық ретінде тұтынуға болатынын мойындап қойды.

 

Мәселен, Ynsect француз фирмасы құрттан протеиндік ұнтақ шығарып, оны энергетикалық нанда, пастада және гамбургерде қолдана бастады.

 

Дегенмен жәндіктен әзірленген азықтың адамға қалай әсер ететіні әлі терең зерттелмеген.

 

Жәндіктердің ақуызы қандай аллегргиялық реакция тудыратынын немесе адам организіміндегі микроорганизмдерге қалай әсер ететінін анықтаған емес.

 

Десе де Британ тағам қорының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бриджит Бенелам бұл тарапта қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілетініне сенім білдіріп отыр.

 

 Оның айтуынша, кей жәндіктердің бойында кездесетін улы заттар мен пестицидтер адамға қауіпті.

 

Бұл айтылғандардан бөлек, әлемде жасанды ет өндірісімен айналысатын кәсіпорындар көбейіп келеді, сондай-ақ, соя етін өндіретін Impossible Foods компаниясы америкалық мейрамханаларда наггетсты саудаға шығарып жатыр, ал немістердің Formo компаниясы жасанды ірімшік өндірісі үшін 50 млн доллар қаражат тартты.

 

 

 

 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 10:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31