Шартарап

Бортында 50-ден астам жолаушы болған Boeing 737-500 апатқа ұшырады

  • Фото: theinformher.com

    Фото: theinformher.com

Индонезиялық БАҚ жергілікті Sriwijaya Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабарлады.

 

РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып, Джакарта астанасы маңында ұшақтың суға құлағаны туралы ақпаратты жария етті. Алдын ала мәліметтер бойынша, лайнердің сынықтары мен адам денесінің бөліктері табылды.

 

 

Жергілікті телеарнаға мұндай деректерді жағалау күзеті кемесінің капитаны мәлімдеген.

 

Сонымен қатар, Индонезияның іздеу-құтқару департаменті Джакартадан көкке көтерілген ұшақпен байланыс жоғалғанын растады. Ұшақ бортында 50-ден астам жолаушы болған.

 

Ал бұған дейін Flightradar24 қызметі лайнердің қысқа уақыт ішінде 3,3 шақырымнан асатын биіктікке көтерілгенін хабарлаған.

 

"Бұл ұшақ Джакартадан көтерілгеннен кейінгі төрт минут ішіндегі дерек. Әуе кемесінің маркасы Boeing 737-500 лайнері болатын", &ndash делінген ақпаратта.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 22:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31