Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ботокс жасатқан 40 түйе сұлулық сайысынан шеттетілді

10 желтоқсан 2021, 18:09

Сауд Арабиясында түйелер арасындағы сұлулық байқауының ұйымдастырушылары 40-тан аса жануарды жарыстан шеттетіп тастады. Өйткені олардың сырт келбетіне ботокс пен өзге косметикалық процедуралар қолданылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 
Сұлулық байқауы - Абдул-Азиз патшаның түйелер фестиваліндегі ең басты шаралардың бірі. Оның қоры 66 миллион долларды құрайды. 
Әдетте мұндай байқауда ерні мен мұрны үлкен, өркеші әсемделген түйелер әдемі деп саналады. 

Барлық жануарлар арнайы тексерістен өткен. Мамандар қатысушыларды жіті қарап, олардың басы, мойны мен кеудесін рентгенге түсірген. 

Сауд Арабиясы мемлекеттік ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "маджахим" тұқымдас 27 түйе жарыстан шеттетілген. Себебі олардың иелері жасанды түрде жануардың түрлі мүшелерін тартқызған. 

Тағы 16 түйеге ботокс пен коллаген егілгені анықталды. Мұндай жағдай жылда кездеседі, алайда биыл олардың саны рекордты көрсеткішке жетіпті. 
Жасанды сұлулық әрекеттерін қолданатын жануар иелеріне енді айыппұл салынбақ.