Шартарап

Бойжеткен жасөспірім қыздарды зорлау үшін өзін ұл деп таныстырған

  • Бойжеткен жасөспірім қыздарды зорлау үшін өзін ұл деп таныстырған

    Бойжеткен жасөспірім қыздарды зорлау үшін өзін ұл деп таныстырған

Әлеуметтік желілерде қыздармен көбірек танысуды көздеген 21 жастағы Джемма Уоттс өзін 16 жастағы Джейк Уатон деп таныстырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ВВС-ге сілтеме жасап.

Ол арам ойларын іске асыру үшін қолаң шашын бас киімнің астына жасырып, бұтына кең шалбар киеді. Сол қалпында суретке, видеоға түсіп, желіге жүктейді. Сол сурет-видеоларына лайк қойған қыздармен сөйлесе бастайды. Жазбалалары арқылы ол жасөспірімдердің тілінде сөйлесіп, жартылай жалаңаш суреттерін жолдап, нәтижесінде қыздарды кездесуге көндірген екен.

Бұл әрекеттері әшкере болған Джемма сот отырысында жыныстық сипаттағы 7 қылмыстық іске қатысы бар екендігін мойындады. Сот барысында 14 жастағы зардап шегушінің хаты оқылды. Хат иесі "жүрегінің қатты жараланғанын" айтқан. Әзірге Джемманың құрбандарының саны 20-50 болуы мүмкін деген болжам бар.

Джемма Уоттстің жігіт кейпіне еніп кеткендігі соншалық, тіпті, қыздардың ата-аналарымен де танысқан. Полиция сөзіне сүйенсек, оның қыз екенін біліп қойған зәбірленуші екі қыз суицид жасамақшы болыпты.

Айтпақшы, Джейк образының шынайылығына қыздарды толыққанды сендіру мақсатында іш киіміне тығыз заттарды салып қойған көрінеді.

Қазіргі таңда 13 пен 16 жастағы жасөспірім қыздарға жасалған жыныстық сипаттағы қылмыстары үшін Джемманың 8 жылға бас бостандығы шектелді.




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 14:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31