Шартарап

Бойжеткен інісін құтқару үшін университетке түсуден бас тартты

  • © Sputnik / Константин Чалабов

    © Sputnik / Константин Чалабов

Аплазиялық анемиямен сырқаттанған інісін құтқару үшін жас қыз оқуға түсуден бас тартты, деп хабарлайды South China Morning Post.


Інісі сырқаттанған кезде 18 жастағы Ли Цзы университетке түсуге дайындалып жүрген. Бауыры кемік майының трансплантациясына мұқтаж болған. Тексеріс кезінде оған ата-анасының донор бола алмайтыны анықталды. Жақын туыстарының арасынан тек әпкесінің жасушалары сәйкес болыпты.


Кемік майының трансплантациясын жасаған Ли Цзы биыл университетке түсе алмайтын болды.


"Емтихандарды бір жылдан соң да тапсыра аламын. Ал інімді құтқарудың басқа мүмкіндігі болмайды", -деді Ли Цзы.


Ота наурыз айында жасалған. Емдеу ақысын төлеу үшін отбасы қарызға қомақты қаражат алған. Енді достары мен көршілерінің көмегіне үміт артып отыр.


"Менің қызымнан 800 миллилитр қан мен 400 миллилитр тін жасушасы алынды. Бұл сандарды ешқашан ұмытпаймын. Екеуі де әбден қиналды",- деді қыздың әкесі.


2018 жылы қытайлық қыз лейкоздан әкесін құтқару үшін әдейі салмақ жинағаны айтылған болатын. Донор болу үшін дәрігерлер оған салмақ қосу керек екенін айтқан.


Sputnik


 




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 14:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31