Шартарап

Бір әке-шешеден туған 6 қыз 36 жасқа толды

  • Бір әке-шешеден туған 6 қыз 36 жасқа толды

    Бір әке-шешеден туған 6 қыз 36 жасқа толды

Ұлыбританияда бір отбасында бір күнде өмірге келген 6 қыздың жас­тары 36-ға толды. Ханна, Рут, Люси, Кейт, Дженни және Сара есімді бұл қыздар 1983 жылғы 18-қарашада дүниеге келген болатын. 


Бүгінде бұл қыздардың бәрі де отбасылы. Бірі заңды некеде, енді бірі азаматтық некеде тұрып жатыр. Қазіргі күндері тек біреуінің – Сараның ғана 5 жастағы Джордан есімді қызы бар. Сараның басқа бауырлары әзірге туу-тумау мәселесін түбегейлі шешкен жоқ. 


Бұл алты қыздың әке-шешелері Грэм мен Джанет отбасын құрған соң бірер жылға дейін бала сүймеген екен. Сосын олар медицинаның жәрдеміне жүгінген. Джанетке экстрокорпоральді ұрықтандыруға (ЭКО) ұқсас «Көмекші репродуктивтік технология» деп аталатын тәсіл қолданылыпты. Бірақ бірнеше мәрте әрекет жасалғанымен одан да көмек болмапты. Джанет «бұл жолы да болмаса, осымен доғарамын» деп 13-ші мәрте сынға түскенде ғана бағы жанып, бала көтеріпті. 


Джанеттің құрсағын оның жүктілігінің 6-шы апталығында ультрадыбыстық құралмен зерттеген кезде мамандар таңқалған. Яғни олар онда жалқы немесе егіз емес, алты бірдей шарананың пайда болғанына көз жеткізген. Сөйтіп бұл жөнінде болашақ ата-аналарға айтқан. 


Қыздар мезгіліне жетпей, 7,5 айлығында шала туылыпты, оларды ана құрсағынан «кесарь тілігі» операциясымен жарып алған. Жарық дүниеге келген шақалақтардың әрқайсысының салмағы 1 кило төңірегінде болған екен. 


Ал перзентті болуды аңсай күтіп, ақырында бір-ақ күнде балаға байып шыға келген Уолтондар отбасы алғашқы жылдың өзінде ғана 11 мыңға жуық жаялық пайдалануға мәжбүр болған. Грэм Уолтон бір жыл бойы жұбайымен қоса декреттік демалыста болған. Сәбилері ес білгенше олар ұйқыдан қатты қиналып жүріпті. Балалар балабақшаға, мектепке барғанда да қиыншылықты аз көрмепті. 


...Бүгінде бұл қыздар мұғалім, стюардесса, кадрлар бөлімінің қызметкері, жеке кәсіпкер болып еңбек етуде. 


Р. ҚАЛТАЙ.


www.zamana.kz




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31