Шартарап

Бір апта аюдың қоршауында қалып қойған ер адам ғажайыппен аман қалды

  • Бір апта аюдың қоршауында қалып қойған ер адам ғажайыппен аман қалды

    Бір апта аюдың қоршауында қалып қойған ер адам ғажайыппен аман қалды

АҚШ-тың жағалау күзеті тікұшағының экипажы Аляскадағы орманда кездейсоқ жағдайда қолдарымен және ақ жалаумен көмек сұраған адамды тапты. Ол бір апта бойы аюдың қоршауында болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақын жерде басқа адамдар болмаған. Ер адам лашыққа тығылып, үйдің шатырына бас әріппен SOS (көмек) деп жазып, жараларын мүмкіндігінше байлаған.

 
Агрессивті жануар алдымен адамға шабуыл жасап, оны жақын маңдағы өзенге құлатыпп, тырнақтарымен кеудесі мен аяғын жарақаттаған. Ер адам аюдан қашып құтылып, Ном қаласынан шамамен 70 шақырым жерде қараусыз қалған шахтадағы лашыққа келген.

Бір сәтте аю лашықтың есігін сындырған, ал ер адам тосқауыл қоюға мәжбүр болды.

Ол аюдан қорқып ешқайда кете алмаған, бұған қоса, орманда ұялы байланыс жұмыс істемеген.

Ер адам қорыққанынан тіпті көз ілмеген. Ол тапаншасының барлық оқтарын атып тастаған, бірақ біреуі де аюға дәл тимеген.

Тікұшақтың дыбысын естіген қарт адам лашықтан шығып, көмекке шақыра бастаған. Тікұшақ қонған кезде ол шаршаған жерге сұлап түскен.

Жәбірленушінің аты-жөні хабарланбады. Ол шамамен 60 жаста, жергілікті тұрғын емес, турист екені және қазір өміріне қауіп төніп тұрмағаны белгілі.

"Бұған дейін шөл далада адамдарды кездестірмегенбіз, қатты таң қалдық", - деді жәбірленішіні бірінші болып байқаған тікұшақтың екінші ұшқышы, лейтенант Хаммак.

Оның айтуынша, бұл күтпеген жағдай болған. Ұшақ мүлде басқа мақсатпен орман үстінен ұшқан.

Аляска аң аулау және балық аулау департаменті аталған оқиғаны ерекше жағдай деп атады.




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 20:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30