Он бір жасар бала аэроғарыштық инженерия факультетіне оқуға түскен

19 қазан 2020, 13:00

Америкалық он екі жасар бала колледждің аэроғарыштық инженерия факультетінің екінші курсына ауысты.

 

АҚШ-тағы Джорджия штатының тұрғыны Калеб Андерсон тоғыз айында ым-ишара тілін үйреніп алған. Көп ұзамай ол оқуды үйрене бастады және екі жасында математикалық есептер шығарған. Ұлының ерекше қабілетін байқаған ата-ана оны бірінші сыныпқа береді.

 

«Сыныптастарымның барлығының бойы менен ұзын болғаны есімде. Мен ол кезде кішкентай болғандықтан, әрең жүретін едім», - деп еске алды Андерсон.

 

Үш жасында интеллектісі жоғары деңгейде болғандықтан, ол IQ жоғары адамдар қауымдастығы MENSA-ға қабылданды.

 

«Ол сыныптастарынан математикалық сауаттылығы жағынан асып түсті. Біз Калебтің ерекше екенін бірден түсіндік», - дейді баланың ата-анасы.

 

Одан соң 11 жасында Чаттахучи техникалық колледжіне оқуға түседі. Қазір жас данышпан 12 жаста және ол екінші курста оқиды. Екі жылдан кейін ол аэроғарыштық инженерия бакалавры дәрежесін алады.

 

Бала болашақ мамандығын саналы түрде таңдағанын айтты: кішкентай кезінен бастап ғарышқа ұшуды армандады. Андерсон Джорджия штатындағы технологиялық институтқа немесе Массачусетс технологиялық институтына түскісі келеді. Бұл оқу орындары Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Масктан тағылымдамадан өтуге көмектеседі деп үміттенеді.

 

24.kz