Шартарап

Бір күн бұрын гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті

  • Бір күн бұрын гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті

    Бір күн бұрын гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті



Бір күн бұрын гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап. 


Бір күн бұрын гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті


Ташкентте белгісіз біреулер 25 жастағы Шокир Шавкатовты өлтіріп кетті. Бұдан бір күн бұрын ол әлеуметтік желідегі парақшасында гей екенін айтқан. Полиция күдіктілерді қамауға алғаны белігіл  болды. 


Оқиға 12 қыркүйек күні орын алған. Жігіт ЛГБТ клубында танымал болған. Ол жерден Шокирді 40 жас шамасындағы екі ер адам алып кетіп, пәтерге апарған. Алдымен қатты соққыға жығып, артынша жігітті өлтіріп тастағаны туралы  марқұмның досы айтып берді. Шокир Шавкатовтың денесінде пышақ жарақаттары болған. 


Екі күн бұрын полиция клубқа баса көктеп кіріп, оншақты гейді құрықтаған. Ал Шокирді шығарып алған 40 жастағы екі ер азамат өздерін полицейміз деп таныстырған көрінеді. Марқұмның досының пікірінше бұл оқиға жігіттің жыныстық көзқарасына байланысты болған. 


Тәжікстан мен Өзбекстан гомосексуализім қылмыстық жаса болып есептелетін посткеңестік мемлекет болып табылады.


2018 жылдың мамырында Өзбекстан ЛГБТ қауымдастығына қатысты БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі 11 ұсынысын қабылдамады. Өзбекстанның адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов өзбек билігінің шешіміне түсінік бере отырып, қабылданбаған ұсыныстар республиканың Қылмыстық кодексінің 120-бабына қайшы екенін айтты.


 



 

 




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31