Шартарап

Бір отбасының үш мүшесі қарбыздан уланып өлді

  • Бір отбасының үш мүшесі қарбыздан уланып өлді

    Бір отбасының үш мүшесі қарбыздан уланып өлді

Қарбыз ірі сауда желілерінің бірінен сатып алынған. Бұл өнімнің барлық партиясы қазір сөреден алынып тасталды

Мәскеуде бір отбасының үш мүшесі қарбыздан уланып ажал құшты, деп хабарлады РИА Новости.

Отбасы қарбызды ірі сауда желілерінің бірінен сатып алған болып шықты. Үйде оны 15 жасар қыз бен оның анасы, әжесі жеген. Бейсенбіде қарбыз жегеннен кейін олардың денсаулығы нашарлап кеткен.

БАҚ-тың мәліметінше, жедел жәрдем екі рет шақырылған. Әйелдер екінші рет келгенде ғана ауруханаға жатқызылған. Келесі күні үшеуі де бірінен соң бірі ауруханада қайтыс болды.

Отбасында қыздың әкесі ғана аман қалды. Ол қарбыз жемеген.

Ажалы картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды

Полиция Ресей Қылмыстық кодексінің 238-бабы (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету) бойынша іс қозғады.

Тергеушілер пәтердегі барлық тағамды тексеріп шығатыны белгілі болды.  

sputnik.kz




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 01:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31