Шартарап

Бір тәулікте 67 мың адам вирус жұқтырды

  • https://eadaily.com/

    https://eadaily.com/

Үндістанда ковид-19 жұқтырғандар саны өсіп барады. Соңғы тәулікте елде 60 мыңға жуық адамнан қауіпті инфекция табылды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 жарым миллионнан асып кетті.

 

Егер билік шұғыл шара қабылдамаса, жыл соңына қарай Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте көш бастауы мүмкін.

 

Үндістанның жергілікті телеарналары коронавирусқа қатысты жағдайды тек жағымды жағынан беріп жатады. Мәселен, ресми деректер бойынша, соңғы тәулікте тестке жіберілген 900 мың адамның тек 67 мыңында ғана вирус анықталған. 7 миллионға жуық үнді азаматы індеттен құлантаза айығып шыққан. Бірақ карантиндік шараларға келгенде ақпарат сирек айтылады.

 

Тәуелсіз сарапшылардың сөзінше, Үндістан вирус жұқтырғандардың өсімі бойынша Американы баяғыда басып озған. Оған шалғай аудандардағы ахуал жайлы толық ақпараттың болмауы, инфекцияға шалдықан қаңғыбас адамдар мен қайыршылардың есепке алынбауы әсер етсе керек. 

 

Абхинав Глупати, Нью-дели медициналық университетінің аға оқытушысы:

 

- Ресми деректерге көз жүгіртсеңіз, елдегі жағдай біртіндеп жақсара бастағанын көруге болады. Қазір ауруханаларда шамамен 800 мың адам бар, тәулігіне коронавирустан 600-дей адам қайтыс болып жатыр. Бұрын жағдай тым нашар болатын. Бір өкініштісі, шалғай аудандарда, дәрігерлер жете алмайтын ауылдарда ахуалдың қандай екенін білмейміз. Ол жақта да мыңдаған адам тұрады. Вирус бұл елді мекендерді айналып өтпейтіні белгілі ғой. Кедейліктен адамдар көмек ала алмай жатыр. 

 

Ресми деңгейде мойындалған ұлттық ремиссия билікке экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Елде вирус жұқтырғандар санының көптігіне қарамастан, ірі туристік курорттар ашылды. Бірінші болып Гоа қызмет көрсете бастады.

 

Алайда әзірге ол жерге тек жергілікті халық қана бара алады. Себебі мемлекеттік шекара әлі де жабық. Билік өкілдерінің айтуынша, курорттарда "ковидке" қатысты жағдай жіті бақылауда. 

 

Сачин Наранг, заңгер:

 

- Жаз кезінде шенеуніктер 2021 жылдың ақпанына қарай коронавирусты жеңіп шығамыз деген еді. Ол үшін вакцина іздеудің қажеті жоқ. Тек толық карантин жарияланса жеткілікті. Бірақ билік пандемия аяқталғанға дейін бас-аяғы 11 миллион тұрғынның індетке шалдығатынын айтып отыр. Бұл болжамның орындалуына небәрі жарты жыл уақыт қана қалды. Бәрі осыған келе жатыр. 

 

Жуырда Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап, жақын арада жергілікті дәріханаларда әлемде аналогы жоқ, COVID-19-ды анықтауға арналған қағаз тесттің пайда болатынын айтты.

 

Ғалымдардың пікірінше, ол бір сағатқа жетер-жетпес уақытта адамның вирус жұқтырып-жұқтырмағанын көрсете алады. Құны 7 доллардан аспайды екен.

 

Ал эпидемиолог мамандар болса, келер жылдың басында  вирусқа қарсы алғашқы белсенді вакцинаны ұсынамыз деп отыр.

 

Денсаулық сақтау министрлігі бұл дәріні әзірлеу арқылы Үндістан індетті жеңуге мүмкіндік алатынын мәлімдеді. Ал вакцинаны көрші елдерге экспорттау арқылы қаржылық қиындықтарды шешу көзделіп отыр.

 

 

24.kz




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 10:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30