Шартарап

Бір тәулікте коронавирустан Бразилияда - 631, Үндістанда 500 адам көз жұмды

  • https://iz.ru/

    https://iz.ru/

Бразилия мен Үндістанда коронавирус инфекциясынан қайтқандар саны артып отыр, деп хабарлайды   ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

 

Бразилия

 

Бразилияда СOVID-19 вирусынан бір тәулікте 631 адам көз жұмған. Елде қауіпті инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 72 100 адамға жетті.

 

Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елдегі СOVID-19 ауруы расталғандардың саны 24 831-ден 1 864 681-ге жетті.

 

Ауру жұқтыру мен өлім жағдайларының басым көпшілігі 46 миллион халқы бар Сан-Паулуда тіркелген. Бұл штатта қауіпті індеттен 17 848 адам көз жұмған.

 

Қауіпті инфекцияны жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны - 371 977.

 

Жалпы елде коронавирустан 1 123 204 адам сауығып шықты.

 

Worldmeter интернет порталының мәліметінше, Бразилия Латын Америкасында құрбан болғандар мен ауру жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр және әлемде екінші орында.

 

Еске сала кетейік, Бразилия президенті Жаир Болсонарудың коронавирусқа тапсырған тестінің нәтижесі оның науқас екенін көрсеткен.


Үндістан

 

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте СOVID-19 вирусынан 500 адам көз жұмған.

 

Елде СOVID-19 індетінен қайтыс болғандардың жалпы саны 23 174 адамға дейін артты. Ауруға шалдыққандардың тәуліктік өсімі 28 701 адамды құрап, жалпы саны 878 245 адамға жетті. Коронавирустан 554 429 науқас емделіп шықты.

 

Worldometer интернет порталының мәліметінше, Үндістан әлемде COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны бойынша үшінші орында тұр.

 




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 21:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30