Бір топ жастар полицейлерге шабуыл жасады

02 қараша 2020, 13:27

Жексенбі, 1 қараша күні Франкфурт қаласының полиция бөлімі тәртіп сақшыларының шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Ашуға булыққан бір топ жастар &ndash 800-дей адам патруль көлігіне тас, жұмыртқа және бөтелке лақтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат EuroWeekly сайтына сілтеме жасап.

 

Оқиға кезінде тоғыз адам қамауға алынғаны хабарланып отыр.

 

Бұл &ndash Франкфурттағы полицейлерге соңғы бірнеше күнде жасалған екінші шабуыл.

 

Қаланың полиция бастығы Герхард Бересвиль «адамдардың полицейлерге аяқ астынан шабуыл жасауы - адам төзгісіз әрекет» деп атады.

 

Қамауға алынған 9 адамның сегізі айғақ дәлелдердің жетіспеушілігінен бостандыққа жіберілді.