Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бразилия ғалымдары коронавирусты бейтараптандыратын мата ойлап тапты

26 шілде 2020, 00:36

Бразилиялық және испаниялық ғалымдар бірнеше минут ішінде коронавирусты бейтараптандыратын мата жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agencia Brasil басылымына сілтеме жасап.

 

Бразилиядағы Сан-Паулу университеті жанындағы Биомедицина ғылымдары институты, Испаниядағы Жауме I университеті және Бразилиядағы функционалдық материалдарды әзірлеу орталығының ғалымдары коронавирус инфекциясын туғызатын SarS-CoV-2 вирусын бірнеше минутта бейтараптандыратын мата жасап шығарды. Жобаға Nanox нанотехнология компаниясы да қосылды.

 

Ғалымдардың айтуынша, мата жаңа коронавирустың 99,9%-ын шамамен екі минуттың ішінде бейтараптандырады. Мата ауруханаға арналған киімді дайындауға пайдаланылады және жақын арада сатылымға шығады.

 

Матаның құрамына полиэстер мен мақта, сонымен қатар күміс микробөлшектерінің қабаты кіреді. Ұсақ күміс бөлшектерін қолдану бұрыннан бар әдіс. Ол тоқыма, косметика, лак-бояу өнеркәсібінде пайдаланылатын.

 

Биомедицина ғылымдары институтының 3-ші дәрежелі биоқауіпсіздік зертханасының зерттеушісі Лусио Фрейтас Agência Brasil агенттігіне матаның тиімділігі Бразилияда коронавирус жұқтырған алғашқы науқастардың бірінен алынған жаңа коронавирус үлгісін пайдаланып тексерістен өткенін хабарлады.

 

Матаның шынында тиімді екеніне көз жеткізу үшін ғалымдар молекулалық талдаудың екінші кезеңін өткізді. Өнімді сатылымға шығармас бұрын ғалымдар матаның вирусқа қарсы, антимикробтық және саңырауқұлақтарға қарсы қасиетінен бөлек аллергия және басқа да ағзаның кері әсерін туындатпайтынын тексерді.