Шартарап

Бразилия сенаты Болсанарудың әлеуметтік желілерге қатысты шешіміне қарсы шықты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Осы аптада Бразилия сенаты Жаир Болсанарудың әлеуметтік желілерге қатысты шешіміне қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бұған дейін Бразилия президенті әлеуметтік платформалардың қызметіне қатысты заңға өзгеріс енгізбек болды.

 

Атап айтсақ, Жаир Болсанару «жалған ақпарат» желеуімен желіде жарияланған кей контентті өшіруге жағдай жасамақшы еді. Бірақ сенат төрағасы Родриго Пачеко президенттің бұл ісін конгресс құптамайтынын жеткізді.

 

Оның пікірінше, қайта сайлауға түскен Болсанару ескі жазбаларды өшіру үшін, яғни, қара басының қамы үшін тұтас заңды өзгертпек болған. Әлеуметтік платформалардың ресми уәкілдігін тағайындап, мазмұны ұлт мүддесіне қайшы келетін контентті желіден алғызатын елдер жоқ емес. Франция, Германия, Австралия сынды мемлекеттер тиісті заңға өзгерістерді әлдеқашан енгізген. Мақсат - ұлтаралық араздық, өшпенділік пен терроризмді насихаттайтын ақпардың таралуына жол бермеу.

 

Қазақстан болса, бұл мәселеге енді ғана мән бере бастады. Мәжіліс осы аптада әлеуметтік желілердің шектеуін қарастыратын заң жобасын мақұлдады.

 

Мұндай өзгеріс бала құқықтарын қорғау мәселесіне арналған заңның аясында іске асуы мүмкін. Бұл жаңалық лезде желі мен қоғам белсенділерінің қызу талқысына түсті.

 

Жобаның бастамашы болған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «сары уайымға салынуға» негіз жоқ дейді. Өйткені бұл шара ең алдымен балалардың киберқауіпсіздігін қамту мақсатында қолға алынып отыр.

 

Әлеуметтік желілердің жергілікті менеджерлері тағайындалса, контентті саралау оңтайлы болмақ.

 

Бұл ретте қазақша контент бойынша билікпен байланыста болатын менеджерлердің Қазақстанда отыруы міндеттелмейді.

 

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

- Қазақстанда бұдан былай әлеуметтік желі бірде өшіп, бірде қосылады дегенге сеніп, қорыққандар болса, бірден айтайын бұл - жалған әңгіме. Екіншіден, мұндай әрекетке бару қажет болмайды, ол керек емес те.  Ел билігіне қатысты түрлі пікір қалыптасуы мүмкін, бірақ билік ақымақ емес қой. Мысалы, бір ғана Инстаграм желісінде 7 млн қазақстандық отыр. Болашағын ойлаған ешбір саяси күш 7 млн адамды өзіне қарсы қоймайды. Бұл Қазақстандағы сайлаушылар мен ересектердің жартысынан да көп. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жерде техноалпауыттармен қатынас орнату туралы сөз қозғалады.

 

 

 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 23:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31