Бразилияда көз жұмғандарды жерлеу жұмыстары күні-түні жүргізілуде

08 сәуір 2021, 18:33

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу жұмыстары күні-түні жүргізілуде. Бұл туралы centralasia.media жазды. Пандемия басталғалы бері мұнда 13,2 млн адам вирус жұқтырды.

 

Соған қарамастан ел президенті жалпыұлттық карантиннің енгізілмейтінін айтты.

 

Біз жалпыұлттық локдаун енгізуді құп көрмейміз. Кейбіреулер жергілікті әкімдіктерге көмекке әскердің келуі керек деген сияқты ойларын айтып жатыр. Бірақ біздің әскер көше аралап, адамдардың үйден шықпауын қадағалайтын күзетшінің рөлін атқармайды, - деді Жаир Болсонару.

 

Қазір елде «бразилиялық» штамм деп белгіленген вирустың мутацияға ұшыраған геномы тарауда. Оны негізінен жастар жұқтырып жатыр. Қолданыстағы вакцина жаңа штаммды жеңуге қауқарлы екені белгілі болды.

 

Ал Аргентинада пандемия басталғалы бері 2,5 млн тұрғын вирус жұқтырды. Мұнда басталған вакцинацияда вирустың өршу қарқынын бәсеңдете алмай отыр.

 

 

 

BAQ.KZ