Шартарап

Бразилияда індетке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

 Пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде SARS-CoV-2 коронавирусын 13,9 млн адам жұқтырып, 591 мыңнан астам адам қайтыс болды. 8,2 млн астам пациент жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ға сілтеме жасап.

 

Әлем қауымдастығы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы күресті жалғастырып келеді. Пандемия басталғалы ғаламшардың 13,9 млн астам тұрғынынан инфекция анықталған. Індет жұқтыру салдары мен одан болатын COVID-19 өкпе дертінен 591 мыңнан астам адам қайтыс болған, 8,2 млн астам науқас жазылды.

 

Бұл - Worldometer халықаралық еріктілер тобының мәліметі.

 

Бейсенбі күні АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) АҚШ аумағында жұмыс істейтін круиздік компаниялардың жүзуіне салған тыйымды қыркүйек айының соңына дейін созды. Егер АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қоғамдық денсаулық сақтау саласында COVID-19 індетіне байланысты төтенше жағдайды алып тастаса, бұл тыйым алынатыны да атап өтіледі.

 

Роберт Кох атындағы институттың (RKI) мәліметінше, соңғы тәулікте Германияда SARS-CoV-2 жұқтырудың 583 жаңа оқиғасы анықталды. Эпидемия басталғалы тіркелген оқиғалардың жалпы саны 200 843 адамға дейін өскен. COVID-19 індетінен 9082 пациент көз жұмды.

 

АҚШ-та бір күнде ауру жұқтырудың жаңа ең жоғары көрсеткіші тіркелген - 75255 оқиға. Маусым айында ол 30 мыңнан аспаған еді. Сарапшылар көп ұзамай тәулігіне ауруға 100 мың адам шалдығатынына қауіптеніп отыр.

 

 

 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30