Бразилиялық фермердің сиыры екі басты бұзау туды (видео)

22 желтоқсан 2021, 09:57

Бразилияның Эспириту-Санту штатындағы Нова-Валенсия муниципалитетіне қарасты фермада ерекше бұзау дүниеге келді.

 

Daily star басылымы бұзау өз бетімен қоректеніп, төрт аяғынан тұра алмайтындығын жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Делчи Бусатто есімді фермердің алты жасар сиыры екі басты бұзау туған.

 

Біз сараптамалық қорытынды алу үшін ветеринарға жүгіндік. Бірақ ол мұндай мутацияға нендей себеп болғанын түсіндіріп бере алмады. Сондай-ақ жаңа туған бұзаудың тірі қалу мүмкіндігін де болжай алмады, — дейді фермер Бусатто.

 

Фермер бұған дейін сиыры үш рет бұзаулап, алдыңғы екі бұзауы мутациясыз туғанын айтты.