Шартарап

Британ полициясы «ислами террор» және «жиһадшы» терминдерінен бас тартпақ

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Британ полициясы бұл терминдердің орнын «діни террор», «дінді қалқан ететін терроризм» және «Усама бен Ладен ізбасарлары» деген сөз тіркестерімен алмастыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті.

 

3000-дай мүшесі бар мұсылман полицейлердің ұлттық қауымдастығының мәлімдеуінше, ресми терминология жаңсақ түсінік пен стереотипті (қасаң қағиданы, таптаурын ұғымды) қалыптастырып, кемсітушілік пен исламофобияға жол ашады. Бұл бағыттағы көкейтесті проблемаға қатысты өткен онлайн- жиынға терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссар көмекшісі Нил Басудың өзі қатысқан болатын.

 

2005 жылғы Лондон мегаполисіндегі жарылыс пен 2017 жылы орын алған Лондон көпіріндегі және Манчестер-Арена стадионындағы, сондай-ақ, Вестминстердегі шабуыл мен қастандық "ислами терроризм» деп танылып, жіктелген болатын. Британиядағы мұсылман полицейлер қауымдастығы бұл терминдердің орнына арабтардың «ирхаби» сөзін қолдануға кеңес берген еді. Өйткені, Таяу Шығыстың барлық аймағында экстремистік көзқарасты жақтаушыларды осылай атайды.

 

Осылайша батыс елдеріндегі исламофобиялық секілді исламды қаралауға бағытталған науқаншылдықтан жүйелі дертке айналған насихат пен жаңсақ ұғымға тойтарыс берудің елеулі қадамы жасалды.  

 

islam.kz




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31