Британдықтар аптасына 4 күн жұмыс күніне ауысуды жоспарлап отыр

07 маусым 2022, 17:59

6 маусымнан бастап Ұлыбританияда қызметкерлерді төрт күндік жұмыс аптасына ауыстыру бойынша әлемдегі ең ірі сынақ басталды. 4 Day Week UK жобасына 70 компанияның 3,3 мыңға жуық қызметкері қатысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Оксфорд, Кембридж және Бостон колледжінің ғалымдары мен Жаңа Зеландиялық кәсіпкерлер ұйымдастырған бағдарлама алты айға созылады. Ғалымдар компания өнімділігі мен қызметкерлердің әл-ауқатының көрсеткіштерінің өзгеруін бақылайтын болады.

Жоба 100:80:100 үлгісіне негізделген - 80 пайыз жұмыс пен 100 пайыздық жалақы сондай-ақ 100 пайыз өнімділікпен жасалған. 2023 жылы эксперимент нәтижелері жарияланғаннан кейін Ұлыбритания үкіметі жұмысшыларды 32 сағаттық жұмыс аптасына көшіру перспективаларын бағалайды.

Жобаның негізін қалаушылар коронавирустық пандемияның жаһандық әлсіреуі кезінде компаниялар нәтижеге тікелей әсер ететін қызметкердің өмір сүру сапасының маңыздылығын түсіне бастады деп санайды. Қысқа жұмыс күнімен жұмыс істеу фирмаларға басқа бәсекелестеріне қарағанда айтарлықтай артықшылық береді деп күтілуде.