Британияда вирустен көз жұмғандар тағы рекордтық көрсеткішке жетті
Пандемия басталғалы бері мұнда 49 770 адам коронавирустен көз жұмған. Ал өткен тәуілікте 532 адам қайтыс болды деп жазды korrespondent.net.
 
Мұндай рекордтық көрсеткіш соңғы рет 12 мамырда болған еді. Ол кезде бір тәуілікте 614 адамның өлімі тіркелген.
 
Соңғы тәуілікте Ұлыбританияда 20412 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғалы бері 66 миллион халқы бар корольдіктің 1,2 миллионы вируске шалдыққан. Эпидемиологиялық жағдай бойынша Ұлыбритания әлемде сегізінші, Еуропада төртінші орында тұр.
 
5-қарашада өлім көрсеткішін төмендету мақсатында Англияда карантиндік шаралар енгізілді.