Шартарап

Бірқатар ел «COVID-төлқұжатқа» қарсы шықты

  • Бірқатар ел «COVID-төлқұжатқа» қарсы шықты

    Бірқатар ел «COVID-төлқұжатқа» қарсы шықты

Бүгінде дүние жүзі бойынша халықты жаппай вакциналау науқаны жүріп жатқаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді әлем елдері қалыпты өмірге оралу үшін екпе салдырған адамдарға «COVID-төлқұжат» беру мәселесін қызу талқылауға кірісті. Бір ел бұл бастаманы қолдап, оны тез арада жүзеге асырса, енді бірі бұған үлкен күмәнмен қарайды. Өйткені елді екіге бөліп аламын ба үрейленеді.

Арнайы төлқұжат негізі вакциналау туралы анықтаманы алмастыруы тиіс. Бұған қоса, қолында осындай құжаты бар адамның шетелге шығуы жеңілдейді. Ел ішінде де емін-еркін жүріп-тұра алады.

Екпе ал да, еркін жүр: Израильде коронавирусқа қарсы препаратты салдырған азаматтарға осындай мүмкіндік берілді. Яғни ковидке қарсы вакцинаның екі дозасын алған Израиль азаматтарына «жасыл төлқұжат» беріле бастады. Ол арқылы тұрғындар спортзал, театр мен концертке емін-еркін барады. Израиль қалыпты өмірге оралуға тағы бір табан жақындап отыр. Құжатқа қол жеткізген тұрғындар үшін жуырда музыкалық концерт ұйымдастырылды. Ол ашық аспан астында өтті. Кешке қатысу үшін адамдардан тек ел үкіметі растайтын сертификат талап етілді.

БЛИЦ:

- Мұндай шараның ұйымдастырылғаны өте керемет. Себебі біз ұзақ уақыт бойы үйден шықпай өмір сүріп келдік. Енді жасыл төлқұжаттың арқасында осындай кештерге емін-еркін бара аламыз. Бұл өте маңызды.

- Бүгін осындай кешке қатысып жатқанымызға қуаныштымыз. Үйде өткен бір жылдан кейін өнермен тыныстап, концерт көргенімізге ризамыз.

Дегенмен аталған құжатқа қатысты қиындықтар да жоқ емес. Атап айтқанда, денсаулығына байланысты вакцина егуге болмайтын кісілер енді қайтпек? Балалар ше? Сонда олардың құқығы шектелгені ме? Осы мәселенің шешімін табу жолында жергілікті заңгерлер қазір бас қатырып жатыр.

«COVID-төлқұжаттың» жұртты бөліп-жару сияқты кемшілігі бар болғанына қарамастан, Еуроодақ елдері де оны енгізу жағын қызу талқылап жатыр. Әсіресе, экономикасы туризмге тәуелді мемлекеттер. Өйткені саяхат саласы қазір ең ауыр күйді бастан өткеріп келеді. Сондықтан болар, кеше видео байланыс арқылы отырыс өткізген Еуроодақ елдерінің басшылары вакцина алғандардың бәріне электронды төлқұжат беру туралы бастама көтеріп, бірауыздан қолдады. Дегенмен оны қолданысқа енгізу механизмдері қандай болары әзірге белгісіз. Оған шамамен 3 айдай уақыт керек екен.

Ангела Меркель, Германия канцлері: 

- Азаматтың вакцина қабылдағанын растайтын сертификатты енгізу мәселесіне келер болсақ, оны бәрі қолдап отыр.

Бұған дейін Франция арнайы сертификат енгізуге түбегейлі қарсы болған еді. Өйткені бұл құжат ел азаматтарын екіге бөледі-мыс. Ұлыбритания билігі де жаңа талапқа қарсы. Сондықтан «COVID-төлқұжат» енгізу идеясынан бас тартып отыр. Борис Джонсонның айтуынша, үкіметтің ел азаматтарын вакцина алғандар мен алмағандар деп екіге бөлуі дұрыс емес. Бұл ел арасындағы теңсіздік тудырады дейді ол. Бірақ шетелге шыққан британдықтардан вакцина туралы анықтама талап етілсе, ел азаматтары оны емдеуші дәрігерінен ала алады екен.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі: - Аталған құжат Ұлыбритания үшін жаңа нәрсе. Өйткені біздің елде театр немесе пабқа кіру үшін арнайы құжат талап етілген кез ешқашан болған емес. Бұл өте күрделі жайт. Өйткені Британия үкіметі вакцина қабылдаған немесе белгілі бір себептермен екпе салдыра алмайтын азаматтарды дискриминациялауға жол бермейді.

Вакцина қабылдаған жұртқа арнайы төлқұжат үлестіру ісіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да қарсы шықты. Ұйым өкілдерінің айтуынша, екпе алған адам айналасына қауіп төндірмейді деген пікір әлі дәлелденген жоқ. Яғни белгілі бір азамат вакцина салдырса да, оның ағзасында вирус қалып қоюы мүмкін. Сәйкесінше, қауіпті инфекцияны өзгелер де жұқтыруы ықтимал.




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 22:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30