Біріккен Араб Әмірліктері жаңбырды қолдан жаудыра бастады (видео)

16 шілде 2021, 13:00

БАӘ жауын жаудырудың жаңа технологияларын сынақтан өткізді.

Елдің әртүрлі ауданында 50 градус ыстыққа қарамастан жаңбыр жауып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Риа Новости агенттігінің жазуынша, БАӘ жауын жаудырудың жаңа технологияларын сынақтан өткізді. Бұлтты себу тәжірбиесі сәтті өтті. Жаңа технологияның арқасында елдің кейбір аудандарында 50 градус ыстыққа қарамастан жаңбыр жауған.

БАӘ-дегі Хатта ауылының солтүстігінде, Хаджар тау сілемінде, Вади әл-Хилу, Калба жолы және Хувайлат аудандарында жаңбыр жауды, — деп хабарлады "Марказ әл-Асифа" ауа-райын болжау порталы.

Арабтар жаңбыр жаудыру технологияларын барынша дамытып жатыр. Жақында химиялық қосылыстарды пайдаланбай бұлттардағы электр разрядтары арқылы жаңбыр тудыруы мүмкін дрондарды да қолданбақ. Бұл сынақтарды Дубайдағы SANAD академиясы Ұлыбританиялық Рединг университетінің ғалымдарымен бірге өткізеді.