Шартарап

Бірнеше бай мемлекет коронавирусқа қарсы вакцинаның басым бөлігін сатып алған - зерттеу

  • Фото: elements.envato.com

    Фото: elements.envato.com

Бай мемлекеттер тобы фармацевтикалық компаниялардан COVID-19-ға қарсы вакцинаның басым бөлігін сатып алды. Бұл туралы ұлыбританиялық Oxfam үкіметтік емес ұйымының баспасөз хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сітлеме жасап.

 

Ұйым мұндай қорытындыны бай елдер мен 5 жетекші фармацевтикалық компаниялар арасында жасалған мәмілелерді талдаған Airfinity компаниясының дерегіне сүйене отырып жасаған. Бұл фармацевтикалық компаниялардың препараттары сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

 

Oxfam мәлімдемесінде вакциналарды жасайтын компаниялардың барлық мұқтаж адамға дәрі-дәрмек өндіре алмайтыны жазылған.

 

"Бес вакцинаның сынақтан сәтті өтуі екіталай. Әлем халқының үштен екісі (61 пайызы) вакцинаны кем дегенде 2022 жылға дейін ала алмайды", - делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ Oxfam ұйымы америкалық Moderna компаниясы салық төлеушілерден 2,48 миллиард доллар алғанын атап өтті. Алайда компания өзі жасаған вакцинасынан пайда табуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол вакциналарды бай елдерге және АҚШ-қа 12-16 доллардан (бір доза үшін) және басқа елдерге 35 долларға дейін сатқан. Ал AstraZeneca компаниясы вакцинасының 66 пайызын дамушы елдерге беруге ниетті екенін хабарлаған.

 

"Oxfam және әлемдегі басқа да ұйымдар бәріне қолжетімді, ақысыз вакцинаны жасауға шақырады", - делінген хабарламада.

 

ДДҰ мәліметіне сәйкес, бүгінде әлемде 29,1 миллион адам коронавирус жұқтырған. 926 мыңнан аса адам аурудан көз жұмған. 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31