Шартарап

Бірнеше жылдар бойы бала көтере алмаған әйел өзінің еркек екенін білмеген

  • Бірнеше жылдар бойы бала көтере алмаған әйел өзінің еркек екенін білмеген

    Бірнеше жылдар бойы бала көтере алмаған әйел өзінің еркек екенін білмеген

 Үндістандық келіншек ұзақ уақыт бойы жүкті болуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Ішіндегі ауырсынуды байқаған ол дәрігерге барған. Дәрігерлер оның өмір бойы ер адам болғанын, тіпті, келіншектің бұл туралы күдігі болмағанын анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі PTI басылымына сілтеп хабарлайды.

Калькутта тұрғынында әйелдің барлық биологиялық белгілері болған. "Оның дауысы, кеудесі, сыртқы жыныс мүшелері — әйел екенін көрсетеді", - дейді онколог Анупам Дутта. Оның айтуынша, пациенттің аналық бездері жоқ және ешқашан етеккір келмеген.

Ол тоғыз жыл бойы тұрмыста болып, ұзақ уақыт жүкті болуға тырысқан. Көптеген талдаулар жасай отырып, дәрігерлер оның шынайы жынысы — ер азамат екенін растады. Сондай-ақ дәрігерлер кариотиптеу жүргізіп келіншектің XY ерлер жыныстық хромосомаларын анықтаған.

Ішінің ауырып келгені аталық мүшенің қатерлі ісігі екені анықталды. Басылымның жазуынша, бұл жағдай ерлі-зайыптылар үшін ауыр тиген. Қазіргі уақытта әйел химиотерапия курсынан өтіп жатыр, ал дәрігерлер жұбайлардың бұрынғыдай өмір сүруін жалғастыруды сұрап отыр.

Медицинада мұндай құбылыс Моррис синдромы деп аталады. Мұндай ауыртқулардан ер адамдар әйелдердің биологиялық белгілерімен туады. Синдром өте сирек жағдайда кездеседі. Пациенттің отбасын тексергеннен кейін дәрігерлер Моррис синдромын 28 жасар әпкесінен және екі жақынынан анықтады. Дәрігерлер бұл синдром ұрпақтан-ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келген.

Stan.kz

 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сенбі, 27.06.2020, 13:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31