Шартарап

Бішкекте митингіге шыққандарды таратқаны түсірілген видео пайда болды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Желіде Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталған соң орталық милиция мен күш құрылымдарының орталық алаңға жиналғандарды таратқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Видео Instagram желісіндегі @news.kg парақшасында жарияланды. Видео кадрларынан күш құрылымдарының жиналғандарды қуып жатқаны көрінеді.



Сондай-ақ, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде митингіге шыққандар қоқыс жәшіктерін өртеген.



Еске салайық, кеше, 9 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын.



Ал 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған болатын. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президенті мәлімдемесінде.


Видео:  www.facebook.com/april.tv.ru/videos/479489462839247/


 




Көрілген: 1005    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31