Шартарап

Бішкекте митингте жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді

  • Бішкекте митингте жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді

    Бішкекте митингте жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді

Бішкектің Ала-Тоо алаңындағы митингте зардап шеккен бес адам ұлттық госпитальге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайлы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімет таратқан.

Жарақаттанғандардың екеуі амбулаторлық көмек алған, ал үшеуі орташа ауыр жағдайда госпитальге жатқызылған.

Министрліктің мәліметінше, «Ата Мекен» партиясынан депутаттыққа кандидат Тілек Тоқтоғазиев те орташа ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Айта кетейік, Ала-Тоо алаңында өткен митингте әртүрлі партияны жақтаушы тараптардың арасында қақтығыс болған.

Бішкектегі жағдай 5 қазанда парламент сайлауына көңілі толмағандар митингке шыққалы бері тынышталмай отыр.




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 23:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30