Буффалодағы атыстан сегіз адамды көз жұмды

15 мамыр 2022, 09:45

Сенбі күні Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы супермаркетте атыс болып, сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы «Хабар 24» тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Оқиға туралы жергілікті NBC арнасы жариялаған.

 

Онда қаза тапқандардың бірі оқ атқан, қалалық полицияның Twitter парақшасында оқ атқан адамның қазір қамауда жатқаны жазылған. Сондай-ақ бір адамның жағдайы ауыр.

 

Телеарнада хабарланғандай, күдікті супермаркетке жергілікті уақыт бойынша 14:30 шамасында кіріп, мылтықпен оқ жаудырған. Ол әскери қорғаныш жилетін киген.

 

Ұсталғанның жеке басы мен әрекетінің себептері туралы деректер әзірге мәлім болған жоқ.

 

Полицейлер супермаркетке жақын көшелерді қоршауға алды, тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардан оқиға орнына жақындамауды сұрайды.

 

Штат губернаторы Кэти Хокул төтенше жағдай туралы ескертіп, қала билігіне көмектесуді ұсынды.