Шартарап

Бүгін - Кедейшілікке қарсы күрес күні: БҰҰ балаларға жағдай жасауға шақырды

  • Бүгін - Кедейшілікке қарсы күрес күні: БҰҰ балаларға жағдай жасауға шақырды

    Бүгін - Кедейшілікке қарсы күрес күні: БҰҰ балаларға жағдай жасауға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем мемлекеттерін балаларға жайлы өмір жағдайын жасауға шақырды. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бүгін - Кедейлікті жою жолындағы халықаралық күрес күні. БҰҰ Даму бағдарламасының деректеріне сүйенсек, бүгінде шамамен 1,3 млрд адам жоқшылықтың тауқіметін тартып отыр. Әсіресе кедей отбасылардағы балалардың жағдайы жанға батады.


Кедейшілікке қарсы күрес күнінің биылғы тақырыбы – балалар. 30 жыл бұрын қабылданған Бала құқықтары туралы конвенцияда әр баланың ақыл-ой, дене жағынан, рухани, моральдық және әлеуметтік дамуына кепілдік беріледі. Бірақ әлемдегі балалардың барлығы бірдей жайлы өмір сүріп отырған жоқ.


«Балалардың жоқшылық қамытын киюі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны шындық. Егер біз алдымызға ауқымды міндеттер қоймасақ, бүгінгі балалар ертең климат өзгеруінің зор салдарын көреді», - деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.


Оның айтуынша, қақтығыс аймақтарында да, киберкеңістікте де, мәжбүрлі түрде еңбекке жегу және жыныстық пайдалануға байланысты жағдайларда да кішкентай қыздар аса зардап шегіп келеді. «Бірақ өзгерістердің қозғаушы күші – солар ғой», - дейді БҰҰ басшысы.


А. Гутиерриш қыздарды оқытуға күш салу – оларды кедейлік пен қауіп-қатерден құтқару үшін аса маңызды екендігін айтады.


БҰҰ Бас хатшысы әлем мемлекеттерін отбасы мүдделеріне, атап айтқанда ата-аналардың бала күтіміне дұрыс уақыт бөлуіне бағытталған саясат жүргізуге шақырады.




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 14:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30