Шартарап

Бүгін Татарстанда қаралы күн

  • © Sputnik / Роман Хасаев

    © Sputnik / Роман Хасаев

11 қазан Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Татарстан Президенті Рустам Минниханов Мензелинск маңындағы 10 қазанда ұшақ апатына байланысты болған жиында осындай бұйрық шығарды, деп хабарлады "Татар-Информ" ақпарат агенттігі.

 

"Мензелинскте құрылған штаб жиналысында Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді", - деп хабарлады Татарстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Лилия Галимова.

 

Ресейде Татарстанда құлаған ұшақ апатының себебі анықталғанға дейін L-410 әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Татарстанның Мензелинск қаласының маңында бортында 23 жолаушысы бар ұшақ құлады.

 

L-410 ұшағының бортында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі болған. Ұшақ Мензелинск қаласындағы қону жолағынан ұшқаннан кейін құлаған.

 

Құлаған ұшақ 2014 жылға дейін қорғаныс министрлігінің балансында болған. Кейін әскери қимылдарға қатысудың ерікті бірлестігіне берілген.

 

Алдын ала болжам бойынша ұшақтың құлауына оның шамадан тыс жүктемесі себеп болуы мүмкін. Ұшақ 19 адамға лайықталған.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 08:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31