Бүктеп алып, қалтаға салып жүруге болатын смартфон сатылымға шықпақшы (фото)

02 қараша 2018, 10:44

Қытайлық Rouyu Technology компаниясының өкілдері бүктеуге болатын, экраны иілгіш FlexiPai смартфонын көрсетті деп жазады Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

FlexiPai 7,8 дюймдік дисплейімен, 16+20 Мп болатын қос камерман жабдықталған. Смартфонның қалыңдығы 7,6 мм. Смартфонның 6+128 ГБ, 8+256 ГБ, 8+512 ГБ секілді үш түрі бар.

Мәселен 6+128 ГБ -1 290 доллар, 8+256 ГБ-1 434 доллар тұрса, жады 8+512 ГБ алу үшін 1 854 доллар төлуіңіз қажет.

Ал гаджеттер осы жұмада Қытайда шектеулі санмен сатылымға шықпақшы.