Шартарап

«Бұл маңызды жеңіс»: Гүлнара Кәрімова Швейцария сотында жеңіске жетті

  • «Бұл маңызды жеңіс»: Гүлнара Кәрімова Швейцария сотында жеңіске жетті

    «Бұл маңызды жеңіс»: Гүлнара Кәрімова Швейцария сотында жеңіске жетті

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнара Кәрімова Швейцариядағы сотта жеңіске жетті, деп хабарлады paryz.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.  

Сот шешімімен Кәрімованың мұздатылған 350 миллион доллар активі қайтарылатын болды. Федералды апелляциялық сот оның Takilant Ltd компаниясының заңды бенефициары екендігі туралы өтінішін қабылдаған. Компанияның қаражаты бұған дейін Швейцария банкінде қылмыстық іс аясында тоқтатылған болатын.

Басылымда Гүлнара Кәрімоваға қатысты құжаттарды қолдан жасады, ақша жымқырды және сол ақшаны иемдену фактісін жасыру мақсатында бірқатар компания құрды деген айыппен қылмыстық іс қаралып жатқандығы айтылған.

"Бұл Гүлнара Кәрімова үшін маңызды жеңіс, өйткені федералды прокуратура оның активтерін тәркілеуге тырысты", - деді оның адвокаты Грегуар Манжа.

Наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты марқұм президенттің қызын ақша жымқыру және бопсалау бабымен кінәлі деп тауып, оны 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазан айында колонияда жазасын өтеп жатқан Гүлнара Кәрімованың қызы анасының денсаулығы нашар екенін мәлімдеді. Алайда кейінірек бұл ақпаратты Өзбекстан ІІМ теріске шығарды. 




Көрілген: 3380    Пікірлер: 0

сенбі, 05.12.2020, 18:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31