Шартарап

"Бұрын-соңды мұндайды көрмедік": Ғалымдар Құс жолы орталығынан тараған құпия белгіні анықтады

  • "Бұрын-соңды мұндайды көрмедік": Ғалымдар Құс жолы орталығынан тараған құпия белгіні анықтады

Зерттеушілердің халықаралық тобы Құс жолы орталығынан тараған белгісіз белгіні анықтады. Бұл бұрыннан белгілі радиосәулешығару көздеріне ұқсамайды. Ғалымдар мұны жұлдыз объектілерінің жаңа класы болуы мүмкін дейді. Бұл жайлы The Astrophysical Journal басылымында жарияланған мақалада жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгіні Батыс Аустралияда орналасқан ASKAP CSIRO радиотелескопы арқылы анықтаған. Белгі бір уақытта 100 есеге күшейіп не болмаса бірден әлсіреп, жоғалып кетіп отырған. 

 
Соңғы тоғыз айда бұл белгі алты рет байқалған, дегенмен, оның орналасқан орнын анықтау мүмкін болмай отыр. Ал ASKAP телескопы оның координаталарын J173608.2-321635 деп көрсеткен.

Анықталған белгінің ерекшелігі – поляризация деңгейінің жоғары әрі шеңбер түрінде болуы. Бұл электр өрісі векторының бір бағытта қозғалатынын және арасында бұрылатынын көрсетеді. Сонымен қатар белгі қарқының өзгерісі де ғалымдарды таңдандырған. 

“Бұрын-соңды мұндайды көрмедік", – деп мәлімдеді зерттеу авторы, Сидней университетінің ғалымы Цзитенг Ван.

Ғалымдар белгісіз объектті жарық деңгейі әлсіз, массасы аз жұлдыз болуы мүмкін дейді. Дегенмен, радиотелескоп арқылы алынған деректер объектті толық сипаттамайды. Сондықтан белгісіз объектті бақылау әлі де жалғаспақ.




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 11:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31