Бұрын сотталған адамның таксиші болып жұмыс істеуіне тыйым салынды

25 мамыр 2022, 14:02

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы ауырлығы орташа, ауыр және айрықша ауыр қылмыс жасап істі болғандардың қоғамдық көліктерді жүргізуіне немесе такисші болып жұмыс істеуіне тыйым салатын заң жобасын үшінші оқылымда түпкілікті қабылдады. Бұл жайында islam.kz тілшісі lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Мұндай шара жолаушылардың жеке басының қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Дәлірегі, қасақана кісі қанын мойнына жүктегендер, адам ұрлығымен айналысқан, тонауды кәсіп еткен, жыныстық зорлық жасаған, дене жарақатын салған бұрынғы қылмыскерлер таксиші бола алмайды немесе қоғамдық көлік жүрізе алмайды.

 

Сонымен қатар, заң өз ережелерін шетелдіктерге – ЕАЭО мүшелері болып табылатын мемлекеттердің азаматтарына да қатысты.

 

Одақтан тыс басқа шетелдіктер үшін ешқандай шектеулер қойылмайды, өйткені, олардың осы санаттағы қылмыстары үшін соттылығы болса, олар Ресейде жұмыс істеуге рұқсат немесе патент ала алмайды.

 

Бұрын аталған елдің көлік министрлігі жол-көлік ережесін жиі бұзған такисшіні жұмысынан айыру туралы бастама көтерген болатын.