Шартарап

Бұрын сотты болған шенеунік сұхбат кезінде федералды арна тілшісін соққыға жықты (видео)

  • Видео кадры

    Видео кадры

«Сендер мұнда не үшін келдіңдер?» деп бас салған аудан басшысы тілшіні итеріп жіберген. Сөзге келмек болған БАҚ өкілін шенеунік жерге құлатып, кабинетінен қуып шығады.


Хакасия республикасында Ширинск ауданының басшысы Сергей Зайцев «Россия 24» арнасының түсіру тобына шабуыл жасады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.


Тілшілер 2015 жылғы орман өртінен зардап шеккендерге берілген баспана жағдайы туралы сюжет әзірлемек болған. Тұрғындар үйдің жағдайына шағым айтқан болатын.


Түсіру тобы аталған үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражаты жайлы білу мақсатында Зайцевтің кабинетіне келген.


«Сендер мұнда не үшін келдіңдер?» деп бас салған аудан басшысы тілшіні итеріп жіберген. Сөзге келмек болған БАҚ өкілін шенеунік жерге құлатып, кабинетінен қуып шығады.


Телеарна қызметкерлері Бас прокуратура мен Тергеу комитетіне, сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне Зайцевті жауапқа тарту жөнінде шағымданды.


Тілшілердің хабарлауынша, шенеунік 4 жыл бұрын елді мекендегі орман өртіне жол бергені үшін «салғырттық» бабымен жауапқа тартылған екен. Тілсіз жау сол уақытта 10 адамның өмірін жалмаған. Сот 4 жылға аудан басшысының бас бостандығын шектеп, сол бойда рақымшылық жариялаған болатын. 





Көрілген: 400    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30