Шартарап

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі 15 қарашаға дейін қамауда болады

  • Бұрынғы денсаулық сақтау министрі 15 қарашаға дейін қамауда болады

    Бұрынғы денсаулық сақтау министрі 15 қарашаға дейін қамауда болады

Бұл шешімді Первомай аудандық соты қабылдады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Қырғыз Республикасының бұрынғы денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев 15 қарашаға дейін қамауда болады.


Экс-министрдің туыстары оның ел астанасында 1-ші тергеу изоляторына жеткізілгенін хабарлаған.


Экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет Чолпонбаевты 15 қыркүйекте абайсызда және қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын.


Қырғыздың қаржы полициясының дерегінше, Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары қызметтік жағдайын асыра пайдаланды, консультациялық қызметтер көрсету үшін пайдасыз келісімшарт жасады, бұл мемлекеттік бюджетке 9 миллион сомға жуық шығын келтірді деген күдікке ілінген.


Космосбек Чолпонбаев денсаулық сақтау министрі лауазымын 2018 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне дейін атқарды.

 

Тұмар МЫРЗА

 

aikyn.kz




Көрілген: 3169    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31