Шартарап

Бұрынғы модель Трампты зорлық көрсетті деп айыптады

  • Бұрынғы модель Трампты зорлық көрсетті деп айыптады

    Бұрынғы модель Трампты зорлық көрсетті деп айыптады

Бұрынғы модель Эми Доррис АҚШ президенті Дональд Трампты сексуалдық сипатта зорлық көрсетті деп айыптады. Бұл туралы centralasian.org, The Guardian дерегіне сілтеме жасап хабарлады.

Дорристің айтуынша, зорлық оқиғасы Нью-Йоркте, 1997 жылы, теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінде болған. Ол кезде Трамп кәсіпкер болды. Бұрынғы модельдің айтуынша, кездесуден соң Трамп оны құшақтаған.

Президенттің адвокаттары бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Модель бұл оқиғаны ешкімге айтпаған, полицияға хабарламаған дейді адвокаттар. Олар мұндай айыптың саяси астары болуы мүмкін екенін айтты. Биыл 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтетіні белгілі.

Президент Трампқа мұндай айыптар бұған дейін тағылған. Осыған ұқсас жанжал бұған дейінгі президент сайлауында да болған. Сол кезде Трамптың кез келген қызды иелене алатын жұздыз екенін айтып мақтанған аудиотаспа жарияланған. Трамп өз сөзі үшін кешірім сұраған.




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.09.2020, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31