Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бұрынғы Рим Папасы XVI Бенедикт қайтыс болды

31 желтоқсан 2022, 22:55

Бұрынғы Рим Папасы XVI Бенедикт қайтыс болды. Бұл туралы Қасиетті Тақтың баспасөз қызметінің жетекшісі Маттео Бруни мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Папа 95 жаста еді. Өмірінің соңғы жылдарында ол Ватикан бақтарында Mater Ecclesiae-тің шағын монастырінде тұрды.

 

"Бүгін сағат 09:34-те Ватикандағы Mater Ecclesiae монастырінде Рим Папасы құрметті XVI Бенедикт қайтыс болғанын қайғы-қасіретпен хабарлаймын", - деп жазған ол.

 

 

Еске салайық, XVI Бенедикт(Жозеф Ратцингер, Мюнхеннің бұрынғы архиепископы) 2013 жылғы 11 ақпанда тақтан бас тартқанын мәлімдеді. Оған денсаулығының нашар бол бастағаны мен жасының ұлғайғаны себеп болған.

 

XVI Бенедикттің тақтан бас тартуы Ватикандағы бірнеше ғасырдағы бірінші оқиға. 1415 жылы Констанс Кеңесі Рим Папасы XII Григорийдің отставкасын қабылдады, ал бұрын өз еркімен тақтан бас тартқан жалғыз папа V Целестин болды.