Шартарап

БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

  • БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

    БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

COVID-19 пандемиясы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының артуына әкелді. Жүргізілген сауалнама кезінде әрбір екінші әйел өзі немесе танысының отбасы мүшесі тарапынан қатыгездікке ұшырағанын айтты. Бұл туралы БҰҰ-ның Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою бойынша күрес күні қарсаңында ұсынған жаңа баяндамасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап. 

Баяндаманы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы дайындаған. Ол 13 елде өткізілген сауалнамаға негізделген.

Сауалнама карантин кезінде үйде қамалған әйелдердің тағы бір пандемияның – зорлық-зомбылық індетінің құрбандары болғанын көрсетіп отыр. «Осы қалыптасқан кері жағдайды жою үшін бірігіп күш жұмылдыруымыз керек», - деді «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директоры Сима Бахус.

Сонымен қатар зорлық-зомбылық құрбандары психикалық және эмоционалды күйзелістен 1,3 есе жиі зардап шеккені белгілі болды.

Әрбір төртінші әйел пандемия кезінде өзін өзін қорғансыз сезінген. Оның басты себебі – отбасы мүшелері немесе серіктерінің тарапынан көрсетілген жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық. Сауалнамаға жауап берген әйелдердің 40%-ы пандемия басталғаннан бастап жалғыз қыдыруға қорқатынын мәлімдеген.

Бес әйелдің үшеуі қоғамдық жерлерде жыныстық қысым көрсету жағдайларының жиілегенін айтты. БҰҰ-ның Бас хатшысы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты төмендету бағытында тиісті шаралар жасау қажеттігін айтты.




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30