Шартарап

БҰҰ сарапшылары Қытайды тұтқындардың ішкі ағзаларын алып жатыр деп айыптады

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

БҰҰ сарапшылары Қытай түрмелерінде этникалық және діни азшылық топтарына кіретін тұтқындардың ағзалары алынғаны туралы "сенімді" ақпарат алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Қытайдағы ағзаларды күштеп алу әртүрлі аймақтардағы этникалық, тілдік немесе діни азшылықтардың өкілдеріне қатысты жүргізіледі және оларға көбінесе ұстау себептері айтылмайды немесе қамауға алуға санкция жоқ", – делінген 12 маусымда таратылған 14 сарапшының қорытындысында.

 

БҰҰ-ның заңсыз ұстауға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы, сондай-ақ БҰҰ-ның арнайы өкілі бұл ақпаратты "ерекше алаңдаушылық тудырады" деп санайды.

 

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, ең танымал ағзалар – жүрек, бүйрек, бауыр және көз қабығы, бұл шара тыйым салынған Фалуньгун қозғалысының мүшелеріне, ұйғырларға, тибеттіктерге, мұсылмандар мен христиандарға қолданылады.

 

Женевадағы Қытай өкілдігінің мүшесі БҰҰ сарапшыларын жала жапты деп айыптады. Бейжің "бұл айыптаулардан өзін қорғайды және оларды мүлдем қабылдамайды" деп уәде беріп, сарапшылардың "ойлау қабілеттері жетіспейтінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, сарапшылар сепаратистер мен Фалуньгун қозғалысы тарапынан Қытайға қарсы жалған ақпаратының құрбаны болған.

 

 

 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 10:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31