БҰҰ Украинада құрбан болған бейбіт тұрғындар санын жариялады

07 сәуір 2022, 22:07

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының кеңсесі Украинадағы жағдайға қатысты жаңа аралық мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы сайтына сілтеме жасап.

Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы мәліметінше, 5 сәуір сағат түнгі 12:00-дегі жағдай бойынша 3 776 бейбіт тұрғын зардап шеккен - 1 563 адам қаза тауып, 2 213 адам жараланған.

Қаза тапқандар ішінде - 379 ер адам, 237 әйел, 24 қыз және 43 ұл бала. Сондай-ақ, 63 бала мен 817 ересек адам қаза болған, олардың жынысы әлі анықталмаған.

254 ер адам, 196 әйел, 44 қыз және 40 ұл, сондай-ақ жынысы әлі белгісіз 104 бала мен 1575 ересек адам жараланған.

Tengrinews.kz