«Біздің жерімізден аулақ кет!»: Зеленский Путинге сес көрсетті (ВИДЕО)

04 наурыз 2022, 10:12

Кеткің келмесе, менімен келіссөзге отыршы.

Украинаның президенті Владимир Зеленский отандық және шетелдік журналистерге сұхбат беріп, Путинге үндеу жолдады.

Кездесуде ол журналистің Ресейге кепілдік бересіз бе деген сұрағына жауап бере келіп, мән-мағынасыз соғыстың ешкімге керек еместігін, Путинмен кездесіп, әскери қақтығысты тоқтатуға дайын екенін айтты.

-Кепілдікті не үшін беру керек? Біз Ресейге шабуыл жасап жатқан жоқпыз. Нені, кімге кепілдік береміз? Біз НАТО-дамыз ба? Жоқ. Бізде ядролық қару бар ма? Жоқ. Мен кімге не беруім керек? Мен тағы не айтуым керек? Сіз түсінесіз бе, бұл да бір ақпараттық бомба ғой. Соғысты тоқтату үшін не істеуіміз керек? Саған өзі бізден не керек?… Біздің жерімізден кетші өзі. Кеткің келмесе, менімен келіссөзге отыршы. Менің қолым бос. Бірақ Макронмен, Шольцпен сияқты 30 метр арақашықтық ұстамашы. Мен сенің көршіңмін ғой. Мені 30 метрге отырғызудың керегі жоқ. Мен ешкімді тістемеймін. Мен дұрыс адаммын. Менімен сөйлес. Неден қорқасың? Біздің ел ешкімге қауіп төндіріп тұрған жоқпыз. Біз лаңкес емеспіз. Біз банктерді, бөтен елдің жерлерін басып алып жатқан жоқпыз.- деді ол.

Одан кейін  Зеленский сұхбатында соғысты тоқтатудың жолдарына, келіссөздерге байланысты сұрақтарға жауап берді.

turkystan.kz